СОЗАҚ АУДАНЫНДА «СЕНІМДІ ДОС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

«Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Баймұханбетованың қолдауымен Созақ ауданында педагогтер мен оқушылар арасында «Сенімді дос» бағдарламасы аясында семинар-тренинг өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, сенімді қарым-қатынас орнату, өзара қолдау көрсету және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау мәселелері сөз болды.

Семинар-тренингке орталықтың психология бөлімінің психологі Салтанат Талғатқызы қатысып, оқушыларға достықтың, сыйластықтың және бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар педагогтерге оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, олардың психологиялық жағдайына көңіл бөлу және қажетті жағдайда қолдау көрсету жолдары таныстырылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

«Сенімді дос» бағдарламасы аясындағы мұндай іс-шаралар жастар арасында өзара түсіністік пен сенімді қалыптастыруға, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы орта құруға бағытталған.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған