«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін «Әділет» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды штабының өкілдері Түркістан қаласындағы Ж. Тәшенов атындағы мектеп ұжымымен жүздестік. Кездесуде партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру сапасын жақсарту, ұстаздардың мәртебесін көтеру, жастарды қолдау, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымды дамыту бағыттары сөз болды.

Жиынға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Нұралы Әбішов және штаб мүшелерімен бірге қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде қатыстым.

Кездесу барысында штаб төрағасы Алмас Салимов партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған басым бағыттарға тоқталып, алдағы кезеңге арналған міндеттерді баяндады. Ал Нұралы Әбішов халықпен тұрақты байланыс орнату, азаматтардың талап-тілектерін назарға алу және депутаттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту жөніндегі ұстанымдарын жеткізді.

Менің пікірімше, білім беру саласын дамыту – қоғамның болашағына салынған инвестиция. Сондықтан ұстаздардың еңбегін бағалау, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды. Бұл бағытта білім беру ұйымдарының ұсыныстары мен педагогтердің пікірлері ескерілуі тиіс.

Өз кезегінде Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Кездесу қорытындысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда қоғаммен ашық диалог орнатудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған