
«Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданының білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтерге арналған әдістемелік жиын өтті.
Басқосу 2026–2027 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысын жүйелеу, мамандарға әдістемелік көмек көрсету және оқушыларға психологиялық қолдау көрсету бағыттарын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуде орталық директоры Мөлдір Баймұханбетова сөз сөйлеп, жаңа оқу жылындағы психологиялық қызметтің негізгі бағыттарына тоқталды. Ол білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық жұмыстарды күшейту, қиын жағдайлардың алдын алу және педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің өзара бірлескен жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар жиын барысында мамандарға психологиялық қолдау көрсету жұмыстарының тиімді тәсілдері түсіндіріліп, білім беру ұйымдарында кездесетін өзекті мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Жиын соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салып, сұрақтарына жауап алды. Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен әдістемелік бағыттар жаңа оқу жылындағы жұмысты жүйелі ұйымдастыруға негіз болмақ.

