ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Төлепов тұрғындарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, балық шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидия алу және салаға қатысты басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Кездесу кезінде әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берілді.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары басқарма тарапынан бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жалғасады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған