ТҮРКІСТАНДА АРЗАНДАТЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласының тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында кезекті әлеуметтік жәрмеңке ұйымдастырылды. Бугінгі шара «Сауран» секторында өтті. Жәрмеңкеге Сауран, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандары мен Кентау қаласынан ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Сонымен қатар, «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қоры есебінен жалпы көлемі 50 тоннаға жуық азық-түлік өнімі саудаға шығарылды.

Сауда сөрелеріне ет-сүт өнімдері, жұмыртқа, балғын көкөністер мен жеміс-жидектер, сондай-ақ күнделікті тұтынуға қажетті басқа да тауарлар қойылды. Өнімдер делдалсыз, тікелей өндірушілерден жеткізілгендіктен, олардың бағасы нарықтағыдан 20-30%-ға арзан болды.

Бұл бастама қала тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар тауарларды тиімді бағамен сатып алуына септігін тигізсе, шаруаларға өз өнімдерін делдалсыз сатуға жол ашты.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған