ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ «КӨҢІЛДІ ЛАГЕРЬ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

«Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Баймұханбетованың қолдауымен Төлеби ауданындағы «Төлеби нұры», «Ореховое роща», «Тау барысы» және «Тау гүлі-Эдельвейс» жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушыларға психологиялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Көңілді лагерь – бақытты балалық шақ» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың психологиялық саулығын нығайту, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, өзін-өзі тануына, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге және жазғы демалысын мазмұнды әрі көңілді өткізуіне қолайлы жағдай жасау.

Семинар-тренингті орталықтың әдіскерлері Айдос Нұржауов пен Лаура Тазабекова лагерлерде өткізіп, балалардың психологиялық жай-күйіне бақылау жүргізді. Тренинг барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға, өзара сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Көңілді күй шеңбері», «Шардағы тапсырма», «Арт-терапиялық жұмыстар», «Мен саған сенемін», «Менің көңіл-күйім» атты психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жеке психологиялық кездесулер өткізіліп, қажетті кеңестер берілді.

Мұндай психологиялық-әдістемелік жұмыстар балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыруға, олардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға және қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған