ТҮРКІСТАНДА 50 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҰСЫНЫЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Түркістан қаласында тұрғындарды арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жәрмеңкелер өтуде. Бүгінгі жәрмеңке “Қолөнершілер” орталығы аумағында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласынан келген ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды.

Жәрмеңкеде сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шықты. Сауда сөрелеріне қойылған тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 20-30 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.

Аталған жәрмеңке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Дәстүрге айналған мұндай әлеуметтік жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл бастама жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған