БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – ОНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОТБАСЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

«Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Шайхықызының қолдауымен «Баланың құқығын қорғау, оның тұлғалық қалыптасуына және отбасына психологиялық қолдау шараларын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, баланың тұлғалық дамуына қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ ата-аналар мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысының бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру болды.

Вебинар барысында баланың құқықтарын қорғау, оның қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуі, тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін психологиялық факторлар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі эмоционалдық қолдау, сенімді қарым-қатынас орнату және мектеппен өзара байланыс жасаудың тиімді жолдары жөнінде маңызды ақпараттар ұсынылды.

Орталықтың психологы Мереке Құлбекқызының онлайн форматта өткен іс-шарасына Арыс қаласы білім бөлімінің жауапты әдіскерлері қатысып, тақырып аясында өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Жалпы вебинарға Арыс қаласы бойынша 1530 ата-ана қамтылып, өзекті мәселелер бойынша ақпарат алды.

Мұндай маңызды жиын бала құқығын қорғау мәдениетін қалыптастыруға, ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестікті арттыруға және балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған