
«Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру болды.
Жиынға «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ аппарат басшысы Бердібай Күзембаев қатысып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі талаптарына тоқталды. Сонымен қатар, ол заңсыз сыйақы алу, коммерциялық парақорлық және мүдделер қақтығысының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір қызметкердің азаматтық әрі кәсіби міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Мақсат Қарымсақов қызметтік міндеттерді адал және жауапкершілікпен атқарудың маңыздылығына тоқталды.
Мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықпен таныстырылды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатыны атап өтілді.

