
Түркістан туристік орталық ретінде бүгінде баршаға танымал. Қалаға келуші туристер саны жыл сайын артып келеді. Түркістанның тарихи жерлеріне қызығушылық танытып жатқандар да баршылық. Соның тағы бір айғағы Түркістанға Түркия елінен арнайы делегация келді. Түркия елінің TGRT телеарнасының өкілдері, қаланың киелі жерлеріне зиярат етті. Телеарнаның өкілі ретінде келген Сайт Экен бастаған қонақтар алдымен Арыстан-баб кесенесінде болды. Одан кейін Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып құран бағыштап, Ибрахим ата, Қарашаш ана кесенелеріне де барды.
Бұдан өзге Түркістанға арнайы келген делегация Түркістанның тарихы мен көз тартар көрікті жерлерімен танысты. Мақсаты, алдағы уақытта тарихи шаһар туралы арнайы жоба аясында түсірілім жасау.
Бөлісу батырмасы:

