Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ж.Сүлейменов Әлімтау ауылдық округіне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебіне барып, бітіруші түлектерінің соңғы қоңырау мерекелік іс -шарасына қатысты.

Биыл 23 жас түлек мектеп бітірушісі болса, 1 қыркүйек күні 25 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

Осындай күні қимас бір мекенге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, бойына білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектептен түлеп ұшқалы тұрған түлектерге және осыдан санаулы ғана жылдар бұрын осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттаған балаларға білім берген ұстаздарды айтулы күнмен құттықтады.

Құрметті ұстаздар, мектепті бітірушілер!

Абай атамыз айтқандай: «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі.

Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді.
Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін, – деп ізгі тілегі арнады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған