
Келес ауданында облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесінде ата-ананың эмоционалдық қолдауының маңызы»
тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ата-ананың эмоционалдық қолдауының бала тәрбиесіндегі рөлін ашу, ата-ананың жылы қарым-қатынасы мен қолдауының баланың психологиялық дамуына әсерін түсіндіру.
Жиын барысында психологтардың ата-аналармен жұмыс жүргізу әдістерін жетілдірудегі тиімді тетіктері айтылды. Ата-аналарға бала тәрбиесінде эмоционалдық қолдаудың маңызын жеткізудің жолдарымен бөлісіп, баланың өзін қауіпсіз, сенімді сезінуі үшін қажетті қолдау түрлері талқыланды.
Психологиялық тренингте ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сенімді, ашық диалог құруға көмектесетін әдістерді үйретті. Қатысушыларға тәжірибелік дағдылармен бөлісіп, ақпараттық түсіндіруден бөлек, практикалық жаттығулар арқылы психологтардың ата-аналармен жұмыс істеу қабілетін дамыту керектігі сөз болды.