ТҮРКІСТАНДА «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай «Қасиетті Түркістан өңірінде саяхат журналистикасы мен арт-журналистиканы дамытудың маңызы» атты семинар өтті. Жиынның ашылу салтанатында облыстық қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Керімбек Әлкерімұлы, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан, университеттің басқарма төрағасы-ректор Әлібек Шоқпаров сөз сөйлеп, семинар көтерген тақырыптың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, ісшара барысында белгілі журналист, ғалым әрі ұстаз, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң профессоры Бекжігіт Сердәлі мен «Turkistan Media Holding» ЖШС-ң басқарушы директоры, журналист, медиаменеджер Тельман Бейсен баяндама жасады. Сондай-ақ, облыстық «Farab» әмбебап-ғылыми кітапханасы арнайы ұйымдастырған көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Басқосуға өңір журналистері мен туризм және журналистика факультетінің студенттері қатысты. Кездесу соңында университет ректоры «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымына және өңірдегі БАҚ өкілдеріне арнайы құттықтау хат пен университет атынан кәдесый табыстады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған