Бекзат Саттарханов атындағы кешен қайта пайдалануға берілмек

20 жасында Олимпиада чемпионы атанған Ер Бекзаттың құрметіне ашылған спорт кешені Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілген болатын. Облыс орталығы мәртебесін алған Рухани астана құрылыс алаңына айналғанда кешеннің ескі ғимараты да сүрілді.

Даңқты боксшының атындағы даңғыл көшеде орналасқан нысан қайта жаңғыртылуда. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешеннің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңа ғимарат маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

320 орындық спорт кешенінде үлкен зал және бірнеше жаттығу бөлмелері болады. Кешен ғимараты заман талабына сай, шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес салынуда.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған