Түркістанда республикалық турнир жалауын көтерді

Түркістанда Ауған соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Нұрлан Сейдуалиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир жалауын көтерді. Аталған спорт додасында еліміздің барлық өңірлерінен келген балғын спортшылар өз бақтарын сынайды.

Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, Ауған соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Нұрлан Сейдуалиевтың ағасы Нұркелді Сейдуалиев, Түркістан облысы, Сауран аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілес Ақай қатысып, еліміз өңірлерінен келген барша спортшыларға сәттіліктер тілеп, жарыстың ұйымдастыру алқасына алғыстарын жеткізді.

Өз кезегінде Сауран аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілес Ақай республикалық бұл турнирдің жас спортшылар үшін маңызы ерекше екен айтты. Сондай-ақ ол аталған игі шара Ауған соғысында от кешкен қаруластар рухына жасалған үлкен құрмет екенін де назардан тыс қалдырмады.

Еліміз аймақтарынан сайдың тасындай іріктеліп келген жас балуандар турнирдің боз кілемінде екі күн бұла күштерін сынға салады.

Әбдірахман Қыдырбек.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған