ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ТҰҒЫРЫНДА

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында әмбебеп жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті. 11-17 тамыз аралығында жалғасқан әлемнің 7 мемлекетінің 600-ден астам үздіктері бақ сынаған турнирде түркістандық жауынгерлер жүлделі орындарды иеленді. Түркістан облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының спортшылары жалпы саны 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді.

«Дарабоз» лақап атымен танымал өңір мақтанышы Муслим Асадиллаұлы Азия чемпионы атанды. Былтыр әмбебеп жекпе-жектен Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Әлем біріншілігінің чемпионы тағы да әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, ересектер арасында сынға түскен жүлдегерлердің бапкерлері – Болат Ибрагимов 1-орынды, Талғат Мақажанов 2-орынды иеленді. Чемпиондарды шынықтырып отырған жаттықтырушылар барлық спортшыларынан зор үміт күтеді.

Облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген оғландар сенімге селкеу түсірмей Азия чемпионатынан да құр қол қайтпады. Атап айтқанда, Жәдігер Исаков жарыстың қола жүлдегері атанды. Бұл жеңісі туралы спортшы өзінің инстаграм парақшасында “3-орынға да шүкір” деп сүйіншіледі. Күміс медаль иегерлері атанған Бекзат Бахтёров пен Нұрбол Абдолла да көк туымызды мақтанышпен желбіретті.

Нұртас МҰХТАРҰЛЫ.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған