ПАРТИЯ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН МІНДЕТТІҢ ЖҮГІ АУЫР

Өздеріңізге белгілі, 29 маусым күні Астанада «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті. Оның жұмысына 3 мыңға жуық адам қатысса, олардың 2,5 мыңы немесе еліміздегі барлық мәслихат депутаттарының 77%-ы – жергілікті өкілді органдардың аманаттық депутаттары. Солардың қатарында мен өзім де халық сайлаған депутат ретінде форумға қатыстым. Іс-шараның мақсаты ауқымды. Мағынасы кең! Партия алдындағы жауапкершілік пен міндеттің жүгі ауыр екенін сезінуге болады. Халық бүгінгі таңда партияның көмегіне жүгініп, түрлі мәселелерін партияның филиалдарына келіп ұсыныс ретінде айтып жүргенін баршаңыз білесіздер. Бұл форум осы істердің көрсеткіші. Жұмыстарды жүйелеу, депутаттық қызметті халықпен тығыз байланыс орнату арқылы жандандыру болып табылады. Форумға қатысқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өңір-өңірден арнайы келіп, өздерінің аймақтарындағы өзекті мәселелерін қозғады. Түркістан өңірінің аманатын арқалап барған депутаттарда жиында қарап қалмады. Елдің мәселесін айтып, ұсыныстарын білдірді. Мәселен, мен өзім Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа, ауылдық округ әкімдеріне белгіленген шектен аспайтын қаржыны кезек күттірмейтін жұмыс түрлерін орындауда, өз құзыреттері шегінде «Бір көзден» жұмсауға рұқсат беру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдеріне өзгерістер енгізу қажет екенін және осыған қолдау көрсету керектігін айтып сұрақ қойдым. Сауалым назарға алынып, министр алдағы уақытта ұсыныстың барынша қолдау табатынын жеткізді. Бұл дегеніміз, «Жаңа Қазақстан», «Халық үнін еститін мемлекет» ретінде біз алға қойған жоспар мен халық алдындағы уәдеміздің орындалатынын байқауға болады. Қазір елімізде ашықтық бар. Депутаттарға халық сенім білдіреді. Қолдау күтеді. Сондықтан да, «AMANAT» партиясының төрағасы Е. Ж. Қошанов депутаттар көтерген мәселелердің барлығы қаралып, мерзімінде орындалуы қадағаланатынын айтты. Өйткені бүгінде партия мүшелері әр салада қажырлы еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Жүйелі түрде жұмыс жоспарлар бекітіліп, әртүрлі бағыттарда жұмыстар атқарылуда. Азаматтық қоғам қалыптастыру негізінде халық қалаулылары жұртшылықпен етене араласып, елдегі күрмеулі мәселелерді шешуге тікелей ықпал жасап жатқаны партиямыздың басым бағыттарының бірі десем қателеспеймін. Осылайша әр депутат туған өңірдің проблемалары мен жағдайын жеткізуге тырысты. Алда атқарар жұмыс көп және оны халықтың аманаты деп түсінуіміз керек.

Алмас Салимов,
Түркістан облыстық мәслихат депутаты.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған