
«Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Баймұханбетованың қолдауымен Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «№1 арнайы кешен «балабақша-мектеп-интернат» КММ-де әдістемелік және психологиялық қолдау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында Әдістемелік бөлімінің әдіскері Анар Қуандыкова білім беру ұйымының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетіп, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, Психология бөлімінің психолог маманы Салтанат Сейдилазимова «Сенімді дос» бағдарламасы аясында білім беру ұйымының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында бағдарламаның негізгі мақсаты, мазмұны және оны білім беру ұйымдарында жүзеге асырудың маңызы түсіндірілді.
«Сенімді дос» бағдарламасы балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және қиын жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Мамандар тарапынан педагогтерге балалармен қарым-қатынас жасау кезінде психологиялық қолдау көрсету, олардың эмоционалдық жағдайына назар аудару және қауіп факторлары байқалған жағдайда тиісті мамандардың көмегіне жүгіну бойынша кеңестер берілді.
Мұндай әдістемелік және психологиялық қолдау жұмыстары білім беру ұйымдарында қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

