ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ – КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл шаруашылығы бағытындағы кәсіпкерлердің кәсібін кеңейтіп, жаңа өндірістерді іске қосуына мүмкіндік беріп келеді.

Солардың бірі – Ордабасы ауданының тұрғыны, «Төрткүл жемі» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Даулет Тоқбергенов. Кәсіпкердің бастамасымен балық шаруашылығын дамытып отырған «Төрткүл балық» АШӨК төрағасы Сәкен Қонысов та өз кәсібін жаңа деңгейге көтеруде.

Кәсіп иелері «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ырыс» МҚҰ арқылы 25 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, мал азығын және балық жемін дайындайтын цехқа қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алған.

Бүгінде кәсіпкерлер балыққа арналған жем өндіруді бастап, өз өндірісін жолға қойды. Бұл балық шаруашылығын дамытуға, жемге деген қажеттілікті ішкі өндіріс есебінен қамтамасыз етуге және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіпкерге Ордабасы аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерлері қолдау көрсеткен.

Мамандар жобаны сүйемелдеп, қажетті құжаттарды рәсімдеу және мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржыландыруға қол жеткізу бағытында кеңес берген.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған