МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – КӘСІПТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК

«Eliko Group» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры Бақтияр Сұлтанбекұлы Отырар ауданында кәсібін дамытып келеді.

Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 27,5 млн теңге жеңілдетілген несие алып, сублимациялық әдіспен өнімдерді кептіруге арналған заманауи құрал-жабдықтар сатып алған.

Бүгінде кәсіпкер аталған жабдықтарды өндірісінде тиімді пайдаланып, кәсібін өркендетуде.

Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіпкерге Отырар аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерлері қолдау көрсеткен.

Мамандар жобаны сүйемелдеп, қажетті құжаттарды рәсімдеу және мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржыландыруға қол жеткізу бағытында кеңес берген.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған