
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны Дөненбай Досыбай «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 9 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, құс шаруашылығын дамытуға бағыттады.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер құс шаруашылығын өркендетіп, өндіріс көлемін арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарының өз кәсібін бастауына, бар кәсібін кеңейтуіне және тұрақты табыс көзін қалыптастыруына мүмкіндік беретін тиімді қолдау тетігі.
Кәсіпкерлікке жасалған қолдау – ауыл экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіпкерге Ордабасы аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерлері қолдау көрсеткен.
Мамандар жобаны сүйемелдеп, қажетті құжаттарды рәсімдеу және мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржыландыруға қол жеткізу бағытында кеңес берген.

