
Түркістанда Спорт күніне орай «Заң мен тәртіп» ұранымен 12, 14 және 16 жастағы жасөспірімдер арасында 3×3 баскетболдан Түркістан облысының ашық турнирі өтті.
Байрақты бәсекеге Түркістан облысының аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ Тараз және Шымкент қалаларынан келген 52 командадан 250 жас спортшы қатысты. Ұлдар мен қыздар өзара бақ сынап, алаңда шеберліктері мен командалық ойын үлгілерін көрсетті.

Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
ҰЛДАР арасында:
U-12: І орын – БЖСМ №1 Кентау, ІІ орын – «Тұран-3», ІІІ орын – «Далабазар U-12»;
U-14: І орын – Сайрам, ІІ орын – БЖСМ №1 Сауран, ІІІ орын – «Барс»;
U-16: І орын – БЖСМ №1 Сауран, ІІ орын – «Hoops», ІІІ орын – «Phoenix Team».
ҚЫЗДАР арасында:
U-12: І орын – «Uragan-12», ІІ орын – «Күшші ата U-12», ІІІ орын – БЖСМ №1;
U-14: І орын – «Сайрам U-14», ІІ орын – «Түркістан», ІІІ орын – «S/K Кентау»;
U-16: І орын – «Jankins-Turkestan», ІІ орын – БЖСМ №5, ІІІ орын – «Сайрам U-16».
Аталған турнир жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
#turkistan

