
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын теледидар арқылы көріп, мұқият тыңдадым. Жолдауда Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін», – деп атап өтті.
Бұл сөздер еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында екенін тағы бір мәрте айғақтайды. Шын мәнінде, бала – ел ертеңі. Отансүйгіштік қасиет отбасынан бастау алады. Бүгінгі күннің жасөрендері ертең бойжетіп, ержетіп, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте отбасы, білім ордалары және қоғам бірлесіп жұмыс атқарса, еліміздің келешегі кемел болмақ.
Мөлдір Зайнуллақызы,
«Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары.

