
«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен Тасты ауылында «Тасты» бастауыш партия ұйымының кабинетінде аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айтбаев Алмас Сапарбайұлы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері, қазіргі уақытта жұмыссыз екенін айтып, ауылда ашылатын мекемелерден жұмыс сұрады. Азаматшаға депутат тарапынан әлеуметтік қолдау тетіктері мен аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Нәтижесінде Жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылатын болды.
-Әр мәселе өз деңгейінде шешімін табады. Біз өз ықпалымыз арқылы заң тұрғысынан жәрдем береміз. Өз атымнан депутаттық сауал жолдаймын. Нәтижесінде жұмыс оң шешімін тауып жатса, қуанамыз. Сайлакшыларымыздың, мәселесі ұдайы басты назарда болатынын айтқым келеді,- деді А.Айтбаев.
Сондай-ақ азаматтар тарапынан «Ұланбел – Созақ – Екбінді» бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың, атап айтқанда Тасты – Шу ауылдары арасындағы бөлігінің қанағаттанарлықсыз күйде екендігі, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі туралы мәселе көтерілді. Аталған мәселе тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, бақылауға алынатыны туралы тұрғындарға түсініктеме берілді.

