Шолпан Бөлекбаева Түркістан облысына іс-сапармен келді

Астана медицина университетінің реабилитология және спорттық медицина кафедрасының профессоры Шолпан Бөлекбаева Түркістан облысына іс-сапармен келді. Саналы ғұмырын мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтырды оңалту ісіне арнаған медицина ғылымдарының докторына “Самғау” оңалту орталығының директоры Гүлнұр Сауртаева ғимарат мүмкіндігін таныстырды.
Атап айтқанда, мекеме басшысы алдағы жоспарларымен бөлісіп, тәжірибе алмасуға арнайы келген білікті маманға алғыс білдірді. Шолпан Әділжанқызы, бизнес әкімшілендіру магистрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас штаттан тыс абилитолог-реабилитологы, әлеуметтік қорғау саласын дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы бас директорының орынбасары.
Елімізге белгілі, өз ісінің хас шебері атанған тұлға оңалту орталығының жұмысына табыс тілеп, әрдайым тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған