ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен облыстағы егін шаруашылығы мәселелерін талқылау жөнінде жиналыс өтті. Жиналысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары                             Е.Кенжеханұлы, ҚР АШМ Агротехнологиялар және агрохимия басқармасының басшысы М.Есимова, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Е.Жәнібеков, «ҚазАзот» АҚ-ның өкілі Е.Көпжасаров, «Ұлттық мақта өндірушілер мен дихандар одағы» дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігінің өкілдері Б.Сариев, Т.Нұрлыбеков, «Олжас Б» шаруа қожалығының төрайымы Н.Байтанаева қатысты.

Күн тәртібінде 2023 жылға мемлекеттен жеңілдікпен бөлінген жанар-жағармаймен шаруа қожалықтарын қамтамасыз ету және 2023 жылға минералды тыңайтқыштармен шаруа қожалықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша Түркістан облыстық диқандар мен шаруалар қауымдастығының атынан Б.Сариев шаруаларды толғандыратын мәселелерді айтты.

Сонымен қатар, «Олжас Б» шаруа қожалығының төрайымы Н.Байтанаева минералды тыңайтқыштармен шаруа қожалықтарын қамтамасыз ету үшін «АgroSpace» порталы арқылы сұраныс енгізу тиімді емес екенін жеткізді. Яғни, порталда толыққанды ақпараттардың болмауына байланысты тиісті көлемде минералды тыңайтқыштарды алу мүмкіндігі жоқтығын жеткізді. Одан бөлек, диқандар мен шаруалар қауымдастығының өкілдері тыңайтқыштарды уақтылы жеткізу мәселесіне қатысты «ҚазАзот» АҚ өкіліне сұрақтарын қойды.    

Жалпы, жиналыс қорытындысы бойынша 1-ші мәселе түбегейлі шешіліп, 2-ші мәселеге қатысты тиісті органдарға «АgroSpace» порталын жетілдіру ұсынылды. Сонымен қатар, «ҚазАзот» АҚ ұйымына тыңайтқыштарды шаруаларға мейлінше жедел жеткізілуін және кезектегі шаруалардың барлығына берілуін ұйымдастыруды жүктеді.
Жиналысты қорытындылаған мәслихат төрағасы Н.Әбішов осында айтылған барлық мәселелер бақылауға алынғандығын және оның орындалуы қадағалауда болатындығын жеткізді.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған