Түркістан: Шағын және орта бизнес арқылы өндірілген өнім көлемі 1,2 трлн. теңгеге жетті

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылы оң өсімге қол жеткізілді. Өңірде 200 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлер саны бойынша Түркістан өңірі Алматы және Астана қалаларынан кейін 3 орында тұр. Кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,5%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жетті. Бұл көрсеткішті биыл 1,6 трлн. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.

Шағын және орта кәсіпкерліктегі күрделі саланың бірі – сауда саласы. Көтерме және бөлшек сауда көлемі жыл қорытындысымен 21,7%-ға артып, 451 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы сауда айналымын 500 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Өткен жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнес секторы 45441 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандары саны – 292 620 адам. Жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша облыс республикада 2 орында.

«Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, кепілдік беру және гранттар ұсыну бойынша қолдаулар көрсетілуде. Қолдауларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 41,6 млрд. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

«Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта іске асырылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 19,8 млрд. теңге бөлініп, 3256 жоба қаржыландырылды, қаржы 100 пайыз игерілді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округте жүзеге асып, 75 жаңа кооператив ұйымдастырылды.

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, өңірдегі инвестициялық ахуалды және бизнес климатты жақсарту жұмыстары жалғасады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған