“Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды. Акцияға облыс бойынша Барлық аудан қызметкерлері жұмылдырылды. Мекемеге қарасты территорияларды тазалап көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Аталмыш науқан 5 аптаға созылады.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықты қалыптастыру. Сонымен қатар айналаны таза ұстау және экологиялық тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сондай-ақ аудан, қала көшелерін ретке келтіру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Түркістан облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы барша халықты экологиялық акцияны қолдауға шақырады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған