Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы жаңа зауыттар саны арта түсті

Түркістан облысында инвесторларды, кәсіпкерлерді сүйемелдеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Нақты нәтижесі көріне бастады. Жуырда Түркістанда пандемия кезінде жұмысын уақытша тоқтатқан «Golden Camel» зауыты өз жұмысын қайта бастады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды былтыр Қытайға жұмыс сапарында «Golden Camel» зауытының басшыларымен кездесіп, жұмысын тоқтатқан зауытты қайта іске қосу туралы мәселені көтерген болатын. Нәтижесінде, кәсіпорын іске қосылып, өнімін экспорттап жатыр. Сұраныс жоғары. Өндіріс орны түйе және бие сүтінен құрғақ сүт шығарумен айналысады.

Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында сэндвич-панель шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды. «TURKISTAN» индустриалды аймағында 2 кәсіпорын ашылды. Жиһаз цехы жобасының жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құраған. 50-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Ал Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасымен шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорын жобасының құны –
1 млрд теңге. Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.

Биыл тікелей шетелдік инвестициялар көлемін артады. Шетелдік капиталдың қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.Қытай капиталының қатысуымен «LIHUA GROUP» тестиль кластерін құру (инвестиция құны 70,0 млрд. теңге), «Peng Sheng Group» тестиль кластерін құру (инвестиция құны 45,0 млрд. теңге), және Украина капиталының қатысуымен «UBC BG» өнеркәсіптік тоңазытқыш құрылғыларын шығару зауыты (инвестиция құны 10,0 млрд. теңге) сондай-ақ, Қазақстан-Франциялық «Катко» компаниясының уранды өңдеу кешені жобасы (инвестиция құны 73,0 млрд. теңге) жүзеге асырылады.

Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеге жетіп, 102,5%-ға артты. Өнеркәсіптегі негізгі көрсеткіш – өңдеу өнеркәсібі. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 437,8 млрд. теңгені құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 107,9%-ды құрады. Биыл өнеркәсіп өнімін 1,1 трлн. теңгеге, өңдеу өнеркәсібін 510 млрд. теңгеге ұлғайту көзделуде. Өткен жылда өңдеу өнеркәсібі саласында 30,2 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жоба іске қосылды. Осылайша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бекітілген индикатор толығымен орындалды.

Жобалардың қатарында мақта өңдеу, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, сүт және сүт өнімдерін өңдеу, шұжық өндіру, тауық еті және тауық жұмыртқасы, тігін фабрикасы, пластик өнімдерін шығару зауыттары бар. Өңдеу өнеркәсібіндегі жобалармен қатар, Сыртқы істер министрлігімен 2023 жылда жалпыұлттық пул аясында 10 инвестициялық жобаны іске қосу индикаторы бекітілген болатын. Бекітілген индикатор толығымен орындалды. Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында 23,0 млрд. теңгеге 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Өткен жылы Шардарада жүгері өңдеу зауыты, Отырар ауданында күн электр станциясы, Сайрам ауданында жөргектер өндірісі және күнбағыс майын өндіру, Ордабасы ауданында алюминий бұйымдар өндірісі, Арыс қаласында ПВХ гранула өндіретін кәсіпорындар іске қосылған. Сауран ауданында орналасқан өндірістік парк аумағында «BNK GROUP LTD» ЖШС бастамасымен жаңбырлатып суару жабдықтары және трактор өндірісі жобасы жүзеге асырылуда. Барлық аудан, қалада инвестиция тарту бойынша жоспар жасалып, жобалар сүймелденуде.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған