Түркістан облысында кәсіпкерлердің 960 млн теңгеден астам мүліктік құқығы қорғалды

Ұлттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Ұлттық палата құрылған күннен бастап бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, кәсіпкерлікке қатысты заң шығару процесіне белсенді түрде қатысады. 2023 жылы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік субъектілердің 185 арызы қаралып, оның ішінде 80-і бойынша кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделері сонымен қатар 960 млн теңгеден астам мүліктік құқығы қорғалған.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің қызметкерлері, өздерінің қызметтік міндеттерін іске асыру барысында «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңымен берілген уәкілеттіліктер шегінде кәсіпкерлердің құқығын сотта қорғау тәжірибесін кеңінен іске асырып отыр. Мәселен, «Ерсултан агро» ЖШС – Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерге тиесілі 258 га жайылым жер телімін мемлекет пайдасына қайтару туралы Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментінен сотқа берген талап-арызы бойынша берілген жердің заңдылығы дәлелденіп, аталған кәсіпкердің меншігінде қалған.

Бизнестің құқығын қорғаудағы негізгі тиімді құралдардың бірі – кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл кеңесі болып қала бермек. Биылдың өзінде кеңесте 11 отырыс өткізіліп, бизнестің жекелеген және жүйелі 24 мәселе көтерілді. Нәтижесінде, мемлекеттік және құзырлы органдарға жалпы 47 хаттамалық ұсыныс енгізіліп, оның 35-і оң шешімін тапты

Кеңестің мемлекеттік және құзырлы органдардың алдындағы орны мен оның хаттамалық ұсыныстарының басым көршілігі қолдау табатынын көрсетеді. Кеңесте оңтайлы шешімін тапқан мәселелердің бірі – полиция қызметкерімен заңсыз тәркіленген «ҚазАгроВижн» серіктестігіне тиесілі 24 млн теңге құрайтын тауарлық-материалдық құндылықтары мен жабдықтарын меншік иесіне қайтарылуы.

Бүгінгі таңда, бизнестің құқығын қорғау тек «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып отырғаны белгілі. Прокуратура органдарымен «Бизнесті қорғау» жобасы қолға алынып, бүгінгі күнге дейін өңіріміздегі бизнестің әртүрлі саласындағы кәсіпкерліктің проблемаларына талдау жүргізіліп, нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға прокурорлық ден қою актілері, заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берілді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Бизнеске жол» жобасы аясында департамент пен палатаға келіп түскен арыздар «Палата алаңында мүдделі органдардың қатысуымен қаралып», мәселені тез әрі оңтайлы шешу жолдары қарастырылды. Бұдан басқа, құқық қорғау органдарымен бірлесіп Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарына көшпелі отырыс өткізіліп, кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша проблемалық мәселесі де орын алды. Мәселен, 26 өтініш қаралып, оның ішінде 12 кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылған. 6 кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне еніп, Мемлекеттік органдарымен құрылған Келісім комиссиясының хаттамасы негізінде көрсетілген тізілімнен шығарылған.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарып жатқан жұмыстары және дамыту бағытындағы атқарып жатқан іс-шаралары да аз емес. Бүгінгі таңда егіншілік саласында ұзақ жылдар бойы топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізілмегендіктен, химиялық тыңайтқыштарды жүйесіз қолдану арқылы егістік жерлерде топырақтың құнарлығы төмендеп нәтижесінде топырақтың сорлануы, ластануы, тұздануы сияқты келеңсіз факторлар орын алған. Салдарынан дақылдардың өнімділігі мен сапасының төмендеуі өзекті мәселеге айналуда.

Аталған саладағы кемшіліктерге маңыз бере отырып Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Агро-кеңес беру орталығы» құрылды. Ондағы мақсат – әр дақылдың өсіру технологиялық ерекшеліктерін ескеріп, демонстрациялық алаңдар ашып тәжірибе ретінде шаруаларға ұсыну. Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты иновациялық технология қолдану арқылы дақылдарды (жүгері, бақша, көкөніс, жеміс-жидек, жылыжай т.б) органикалық негізде өсіріп алынатын өнімді арттыру, химиялық тыңайтқыштардан бас тартып толық органикалық тәсілге көшу.

Ұсынылып отырған пилоттық жобалардың мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз кәсібін жетілдіріп, туындаған кедергілермен күресу, озық заманауи агротехнологияларды меңгеруіне және технологиялық карта негізінде берілген ұсыныстарды ауыл шаруашылығында тәжірибе ретінде пайдалану және алдын алу бойынша тиімді шешім қабылдауына толық көмек көрсету.

Жобаға сәйкес, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекеніндегі «Рамазан агро» ЖШС шаруашылық базасында мақта өсіру бойынша демонстрациялық алаң құрылып, 60 га алқапқа түркиялық «Эдесса», «Лима» элиталық мақта тұқымдары егіліп, өнім жиналды. Отырар ауданы, Талапты елді мекеніндегі «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері өсіру бойынша 20 га алқапқа «Пионер» сорты егіліп, толық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдіктің өсіп жетілу фазаларының оңтайлы мерзімдерінде органикалық тыңайтқыш сумен берілді.

Сонымен қатар, Сауран ауданы, Майдамтал елді мекенінде «ИС Жангир» ЖШС базасында 20 га қант құмайы «Сорго» дақылын мал азықтық мақсатта жоңышқа дақылымен үстеме егу бойынша демонстрациялық алаң ашылды. Суға тапшы Майдамтал өңірінің жағдайында бір маусымда 4 өнім алуға болады. Жоба аясында тәжірибе ретінде дақыл кеш егілгеніне қарамастан жоңышқа дақылының жетілуін жеделдетіп, бірінші орақтың өзінде алынған өнім көлемі артты.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Республикалық топырақ орталығы» ЖШС агрохимиялық зерттеу зертханасы ашылды. Негізгі мақсат оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығын дамытуға, цифрлық егіншілікке, фермерлерге топырақ құнарлығы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасау. Айта кетсек, «Агро кеңес беру орталығы» бұл заманауи органикалық негізде өнім алуға, малдың тұқымдық құрамын жақсартуға, зиянкестермен күресуді үйрететін, шаруалардың агробіліктілігін күшейтетін орталық.

Десекте, ауыл шаруашылық саласының басқа да проблемалық мәселесі де алаңдатады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы палатаға 62 өтініш келіп түссе, оның ішінде оң шешілген өтініштер саны – 44 өтінішті құрады. Нақтырақ айтсақ, «Яссы құс» ШҚ тарапынан өтініш келіп түскен болатын. Шаруа қожалық Өзбекстан мемлекетінен 1 тәуліктік 32 мың бас балапан (шөжек) импорттау барысында кеден бекетінде ветеринарлық талаптарға байланысты тежелу фактілері орын алған. Мәселені шешу үшін, агроөнеркәсіп кешені бөлімінің мамандары дер кезінде құзырлы органдар басшыларымен байланыс орнатып, мәселе оң шешімін тапты.

Соңғы жылдары қой шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапыннан қаржылық қолдау болмағандықтан ескерусіз қалған жағдайы бар. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен осы саланың дамуына маңыз беріле арнайы жұмыс тобы құрылып, қой шаруашылығының даму концепциясы ұсынылып ҚР Премьер-министрдің орынбасары А.Жұманғариннің тікелей қолдауымен жұмыстар атқарылуда.

ЖОБАЛАРДЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Палата өңірге инвестиция тарату бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта «Атамекен» ҚР ҰКП-мен интерактивті картаға енгізу үшін 79 жоба жолданды. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев ҚХР-нің 2 ірі инвесторларымен кездесті. Олар қытайдың «Honghua Group LTD» және ««China National Electric Engineering CO., LTD» команиялары.

«Honghua Group LTD» әлемдегі жер үсті бұрғылау жабдықтарының жетекші өндірушілерінің бірі және Қытайдағы жер бұрғылау қондырғыларының ірі экспорттаушысы болып табылады. «China National Electric Engineering CO., LTD» әлемдегі ең ірі мамандандырылған инженерлік компания. Компания көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын, су электр станцияларын, қосалқы станцияларды салу, жасыл энергияны кешенді пайдалану, қала құрылысы жобалары, көлік, тау-кен өндіру және т.б әртүрлі өнеркәсіптік жобалар бойынша бас мердігерлікпен айналысады. Және де компаниялар жаңартылатын энергия көздерінің құрылысына қызығушылық танытып, Түркістан облысының бұл бағыттағы зор әлеуетін атап өтті.

Өткен жылдың 21 қыркүйегінде «TEDOM Central Asia» ЖШС-нің бас директоры Ричард Гаразим, компанияның дамыту жөніндегі директоры Әділ Досаев мен техникалық директоры Юрий Домковский Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровпен кездесті. Чехиялық компания өкілдері Түркістан облысында Жылу Электр Орталығын ашуды ұсынды.

Түркия Республикасы Ван қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Недждет Таква және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Сейілбекұлы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар кәсіпкерлік саласында тығыз байланыс орнатып, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға күш салуға келісім жасасты. Алдағы уақытта екі қала компанияларының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда тікелей байланыс орнатуға жағдай жасау көзделіп отыр. «Turkistan» индустриалды аймағындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысымен танысқан делегация өкілдері инвестор ретінде жаңа жобаларды қолға алуға ниетті.

Мемлекет басшысының Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және 2022 жылға арналған «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарының барлық кезеңдері өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Касым-Жомарт Токаевтің «Алтын сапа» сыйлығының 2023 жылы «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Aykan» ЖШС (директоры Айқан Алмагүл Құдайбергенқызы) және халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын номинациясы бойынша «Asia Brand» ЖК (директоры Ұйғын Ибрагимұлы Әбішев) жеңімпаз атанды.

24-25 қарашада «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтті. Форумда Түркістан облысының бастамашыларымен жалпы құны 243 млрд 402 млн теңге болатын 22 инвестициялық жоба ұсынылды. Халықаралық форум аясында Түркістан облысында Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қытай, Ресейдің беделді компанияларымен бірнеше бағыт бойынша 1 трлн 55 млрд теңге сомасына 20-ға жуық меморандумға қол қойылды.

АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ

Адами капиталды дамыту бөлімі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, орта білім және қосымша білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен бірге жұмыстар атқарып, кәсіпкерлердің көптеген мәселелері шешілді. Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 50 колледжде 71 мамандық бойынша 42 860 студент білім алуда (мемлекеттікте – 25 988, жекеменшікте – 16 872). Дуалдық оқыту бойынша 33 колледждің 10 мыңға жуық студенті 43 мамандық бойынша 275 кәсіпорында өндірістік практикадан өтуде.

Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы №271 қаулысымен Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі, Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі және №16 колледжі кейіннен сатып алу құқығынсыз 10 жылға облысымыздың ірі кәсіпорындарға сенімгерлік басқаруға берілді.

Түркістан облысы бойынша балабақша саны 1 409. Оның 265-сі мемлекеттік, 47-сі шағын орталық, 1 097-ы жекеменшік балабақшалар. Бүгінгі таңда палатаның бірлесе жасаған жұмыс негізінде Түркістан облысы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру сомасы нормативке жектізілді. Былтырғы жыдың шілде – қазан аралығында мемлекеттік органның атауын өзгертуге байланысты білім басқармасының жеке мектепке дейінгі ұйымдар алдындағы төлем бойынша берешегі проблемасы туындады. Қазіргі уақытта атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша барлық берешектер өтеліп, оқытушыларға 30% үстемеақы төленді.

2023 жылы жекеменшік балабакшалар арасында конкурс жарияланды. Бұрын қатыспаған және мемлекеттен қаржы алмаған 91 балабақша 10 мың орынға өтінім берді. Оның ішінде 60 балабақша мақұлданып, 3 383 орын берілді. Қосымша орындарға 172 мектепке дейінгі мекеме 10 555 орынға өтініш берді. Байқау қорытындысы бойынша 89 балабақшаға 5 149 орын бөлінді.

Жылдың соңында жеке медициналық клиникалар әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 10 мың адамнан аз халқы бар МСАК жеткізушілерімен қаржыландыру шарттарын жасаспайтындығымен келіспей, Түркістан облысының ӨКП-не 13.11.2020 ж. №194/2020 ДСМ бұйрығымен жүгінді. Бұл мәселені Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары көтеріп, ҚР ҰКП-ға жеткізді. Егер бұйрық күшіне енсе 257 клиниканың 219-ы жабылуға мәжбүр болады деген қауіп болды.

ДСМ бұйрығына жоспарланған өзгерістер енгізуге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек субъектісіне тіркелген халықтың саны кемінде 10 000 адам болуы тиіс. Сондай-ақ, қызметтер мен қаражат көлемін қалалық деңгейде 50% – дан және облыстық деңгейде 30% – дан аспайтын бірлесіп орындауға беруге тыйым салу белгіленеді. Аталған талаптарды сақтамау медициналық ұйымдармен халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге шарт жасасудан бас тартуға негіз болды. Яғни, жеке клиникаларды қаржыландырудың негізгі көздерінің бірін қысқарту. Бұл жағдай мемлекеттік емханалардың шамадан тыс жүктелуіне, кезектерге және басқа да қолайсыздықтарға алып келді.

Мәселе өте маңызды және ҚР Премьер-Министрі орынбасарының, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бақылауында болды. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы №106 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Сатып алу департаменті директорынан ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде стационарды алмастыратын медициналық көмекті сатып алу кезінде 2024 жылға бекітілген халықтың болуы талап етілмейтіні туралы растау алынды.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛАЙ ЕМЕС ҚОЛДАУ

«Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы аясында келесідей қызмет түрлері бойынша 6 менеджер-кеңесші қызмет көрсетуде. Мамандар бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі көрсетілетін және бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер бойынша кеңес береді.

Жыл ішінде 1241 кәсіпкерге 1300 қызмет көрсетілді. (2022 жылы 1 784 кәсіпкерге 1 892 қызмет көрсетілген болатын). «Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету» құралы бойынша өңіріміздің барлық аудан орталықтарында жалпы 20 менеджер-кеңесші мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру, құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша 13 436 қызмет көрсетілді.

Бұдан бөлек, палатада «Мен кәсіпкер» құралының екі бағыт бойынша қызметтер көрсетіледі. Алғашқысы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы. Жалпы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 376 кәсіпкерге 594 қызмет көрсетілді. Оның ішінде, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 376 кеңес берілсе, өтінімдер бойынша сұранысқа ие кәсіби оқытулар ұйымдастыру бойынша 120 қыз-келіншек оқыту курстарынан өтті. Нақтырақ айтсақ, «Кондитерлік өнім өндіру» саласы бойынша 30, «Визажист» саласы бойынша 20, «СММ» саласы бойынша 20, «Тігін тігу» саласы бойынша 30, «Аспаздық» саласы бойынша 20 қыз-келіншек оқыту курстарын толық аяқтады.

Кәсіп иелерінің өз ісін дамыту бойынша менторлық сүйемелдеу жұмыстарына жалпы 43 өтінім қабылданып, комиссия шешімімен 12 менти іріктеліп, менторлық жұмыстар жасалды. Менти атанған әйел кәсіпкерлерге кемінде жарты жылдан астам уақыт бойы кәсібін одан ары дамыту бағытында табысын арттыру бойынша жеке-жеке сүйемелдеу жұмыстары жасалды. Менторлық қызметті «Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы» Тулегенова Салтанат Ходжа-Мамедқызы атқарды.

Кәсіпорындардың даму әлеуетін анықтау үшін ағымдағы бизнес жағдайына сыртқы бағалауды ұйымдастыру қызметі бойынша 12 өтінім қабылданып, комиссия шешімімен 5 кәсіпорын іріктеліп, бағалау қызметтері толық көрсетілді. Бағалау қызметін еліміздегі «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» бағдарламарлары бойынша сыртқы бағалауды жүзеге асыра алатын, сол саланың маманы қызмет көрсетеді. Бұл кәсіпорындардың қазіргі уақыттағы кемшіл тұстары мен дамуына қажетті құралдарды, тиімділікті арттыратын жұмыстар бойынша тиісті кеңестер берілді. Бұл қызмет бойынша өңіріміздегі «Ясли-сад «Нур – Шапагат» ЖШС, «Мейіржан-Моторс» ЖШС, «Александровский сад» ЖШС, «Айша» ЖК, «Dilza Atelier school» ЖК қызмет алды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасын жүзеге асу бойынша 60-тан астам өтінім қабылданып, 15 тамыз күні «Бір ауыл – бір өнім» жобасының өңірлік көрмесі өтті. Алдын ала құрылған жұмысшы топ көрмеге қатысушылардың өнімдерін бағалау арқылы 10 көрме үздігін анықтады. 12 қыркүйек күні көрме үздіктері өз өнімдерін бренд-комитет мүшелеріне таныстырды. Нәтижесінде 3 кәсіпкердің өнімі үздік деп танылды. Үздік үштік құрамына ұлттық өнімдер, құрт, жент жасайтын Әйгерім Серікбайқызы, қатырылған жеміс-жидектер, пастилалар жасайтын Феруза Басуова, былғарыдан күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер жасайтын қолқөнерші Алмакул Есенкулова енді.

Екінші бағыты — «Кәсіпке бағыт» жобасы. Жобасы аясында әр өңірдің бейімделген кәсіп түрлеріне арналған кәсіби оқытулар ұйымдастыру бойынша жалпы 5 түрлі салалар Салалық кеңестің шешімімен қабылданып алынды.
– Ірі қара малдың етті бағыты бойынша;
– Сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіру;
– Жылыжай кешені бойынша;
– Балық шарушылығы бойынша;
– Бау-бақша шарушылығы.

Қазіргі уақытқа дейін ірі қара малдың сүтті бағыты, ірі қара малдың етті бағыты және балық шаруашылығы бойынша жалпы 45 кәсіпкер өз біліктіктерін арттыру үшін оқыту курстарынан өтіп, оларға сертификат табысталды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған