КЕНТАУДАҒЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНА ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан № 5 жылу энергия (ТЭЦ) орталығына барды. Қайта құру жұмыстары жасалып жатқан қазандықтардың жұмысымен танысты. 92 пайызға тозығы жеткен сервис орталығында бүгінгі таңда, 4 қазандыққа ағымдағы жөндеу және 4 қазандыққа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 80 жылдық тарихы бар жылу мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ. жоғары жалғыз орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарын жасау жоспарланған болатын. Сметалық құны 13,7 млрд. млн.теңгені құрайды. Мекеме жұмыстарымен танысқан партия төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлына, құрылыс – монтаж жұмыстарын жасап жатқан мердігер мекеме «ЭМ-Холдинг» серіктестік басшысы атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Айтуынша, жұмыс өз деңгейінде жасалуда әрі белгіленген уақытта аяқталатынын атап өтті.

– 8,9,10,11 қазандықтардың қайта құру жұмыстары 30 қазан аяқталады. Станцияның тозу дәрежесі жоғары болғандықтан, авариялық келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін. Жылу орталығының қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін қала тұтынушыларын сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз ету арта түспек,- деді жылу орталығының директоры Серік Симтиков.

Айта кетейік, нысан 2024 жылға өтпелі. Қазіргі таңда қазандықтардың демонтаж жұмыстары орындалуда. Дайындық жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Одан бөлек, жылыту маусымына 6,6 шақырым магистралды жылу желілері мен 4 насостық станцияны қайта жаңғырту үшін ағымдағы жылға 3,8 млрд. теңге бөлінген.
№ 5 жылу энергия (ТЭЦ) орталығына партиялық бақылау бекеті орнатылған. Жауапты депутат бекітілген. Мәселе тұрақты бақылауда.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған