ТҮРКІСТАН-МАҚТААРАЛ: ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қанаев Жарқынбек Ережепұлы аудан тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Б.Анарбеков, Жаңа жол ауылдық округінің әкімі М.Тұранов және аудандық су шаруашылығы бөлімінің аға инженері Т.Атантаевтар қатысты.

Қабылдауда Жаңа жол ауылдық округі Фирдауси ауылының бір топ тұрғындары К-13 каналының ішкі тармағымен егістік алқаптарына су келетін арықтары толып қалуына байланысты су жүрмейтінін алға тартып, аталған арықты аудандық су шаруашылығы бөлімі тазалап берулеріне ықпал жасауларын өтінді.
Жаңа жол ауылдық округі Өргебас ауылының тұрғыны Г.Есенбаева өзінің құрылысына қатысты құжаттарын заңдастыра алмай жүргенін айтып, көмектесуін сұрады. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны С.Абилдаев Табысты ауылында салынған фудбол алаңшасының құрылысы толық аяқталмай тоқтап қалғанын, одан бөлек ауылына фельдшерлік акушерлік пунктін (ФАП) салу үшін жер телімін бөлдіртіп беруге және стадионның жұмысын жандандыруға ықпал жасауын сұрап, өтініш білдірген болатын.

Облыстық мәслихат депутаты қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелердің шешілу жолын қарастырып, тиісті мекемелермен жұмыс жүргізіп, ешбір өтініш ескерусіз қалмайтындығын және өз бақылауына алатындығын айтты.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған