СОЗАҚ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облыстық білім басқармасының «Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің директоры Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Созақ ауданы білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы және Л.Бөкенов ЖББМ базасында «Цифрлық дәуір әлеміндегі жасөспірімдердің денсаулығы», «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Әлеуметтік желілер дәуіріндегі қыз бала мен ата-ананың эмоционалдық байланысы» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты: жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, кибербуллинг, құқық бұзушылық, ерте жүктілік және әлеуметтік желіге тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық және психологиялық мәдениетін арттыру.

Семинар барысында: І кезеңде
•Ата-аналар мен 8-11 сынып қыз балалары және педагогтармен «Цифрлық дәуір әлеміндегі жасөспірімдердің денсаулығы» – Психологиялық қолдау орталығының Созақ ауданы бойынша координаторы, білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің психология әдіскері Жансая Ерденова таныстырылым жұмыстарын жүргізді.

ІІ кезеңде
• 10-сынып қыз балаларымен Манар Оралбек – Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы «Бұл махаббат емес. Бұл-ГУМИНГ-тің жасырын формасы» Кейс, супервизия жүргізді.
•9-сынып қыз балаларымен Дина Қалиева – «Суындық» жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы «Ішкі әлем картасы» (мак-мандала) «Сезім» МАК (метафоралық ассоциативті карталар) арқылы сезімін тану өткізді.
• Ата-аналармен Пернеш Жұмаділдаева – Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат-лицейінің педагог-психологы «Әлеуметтік желілер дәуіріндегі қыз бала мен ата-ананың эмоционалдық байланысы» тренинг өткізді.
•10-сынып қыз балаларымен Гүлнара Аманбекова – Н.Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің педагог-психологы «Өзімді тану және бағалау» тренингін жүргізді.
* 11-сынып қыз балаларымен Гүлзира Алтаева – С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы «Менің ішкі әлемім!» ішкі эмоцияларды тану және бейнелеу жұмысын жүргізді.
* Ата-анамен Сұлухан Атаханова – Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы «Лайк пен жылулықтың арасы» қыз бала мен ата-ананың эмоциялық байланысы бойынша жұмыстар жүргізді.
* 8-сынып қыз балаларымен Жансая Ерденова – әдістемелік кабинеттің әдіскері «Қыз бала психологиясында өзін қорғау және шекара қою» бойынша жұмыстар жүргізді.

Семинар-тренингтің соңында қызбалалар арасында пікір алмасып, кері байланыс жасады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған