Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен,сондай-ақ Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституциямыз — Тәуелсіз Қазақстанның саяси, құқықтық, әлеуметтік негізін қалаған, еліміздің даму жолындағы басты темірқазығы болып табылады.

Осы 30 жыл ішінде Ата Заңымыз халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығын нығайтты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік кепіліне айналды. Конституцияның арқасында еліміз құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде қалыптасты.

Бүгінгі мерекелі күнде баршаңызға амандық, елімізге тыныштық, мемлекетімізге береке-бірлік тілеймін! Ата Заңымыз әрқашан биік тұрып, әділет пен өркендеудің кепілі бола берсін!

Конституция күні құтты болсын!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков!

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған