
Ағымдағы жылы өткен облыстық мәслихат депутаты Ералиев Сайдирасулхан Акбарханұлының қоғамдық қабылдауына Қарабұлақ ауылының тұрғыны Сабиржан Каримбаев өзінің 1994 жылдан бері үйі мен жерінің құжаттарын дұрыстай алмай жүргендігін айтып арызданып келген болатын.
Нәтижесінде «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының, облыстық мәслихат депутаты Ералиев Сайдирасулхан Акбарханұлының, жергілікті тиісті бөлім басшыларының және ауыл округі әкімдігінің қолдауымен қазіргі таңда құжаттары біртіндеп реттеліп мәселесі оң шешімін табуда.
—Біз депутат ретінде халыққа жәрдем беруге, мәселесін заі аясында шешуге ықпал жасап келеміз. Халық қалаулысы ретінде заң аясында ттәстә мекемелерге ұсыныс жасаймыз. Барлығы бақылауда болады,-деді С.Ералиев.
Халық қалаулысы бұған дейін сайлаушылардың мәселесін шешуде ықпал етіп келеді. Өз тарапынан демешулілік жасап халыққа қол ұшын беруде. Су, жол, инфрақұрылым саласында айтарлықтай қолдау білдіріп, халық алғысын алған депутат.

