ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Алматы қаласында 9-10 сәуір күндері аралығында II Халықаралық конгресс және «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» көрмесі өтті. Конгресс Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдердің фармацевтика саласының көшбасшылары үшін бірегей кәсіби халықаралық алаңға айналды.

Аталған іс-шарада панелдік сессиялардың бірінде Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының медицинаны дамыту комитетінің төрағасы, профессор Бекайдар Нұрмашев спикерлер ретінде сессия отырысына қатысты. Өңірлік палата Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластерінің үйлестірушілерінің бірі болып табылады.

Басқосу құрылыс пен өндірістік қуаттарды жаңғыртудың ірі инвестициялық жобаларының, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өнім өндіруші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктері мен фармацевтика саласының тұрақты дамуын талқылауға арналды.

Жиынның негізгі мақсаты — оңтүстік аймақ фармкластерінің құрамына кіретін клиникаларда клиникалық зерттеулер жүргізу үшін «Big Pharma» компаниясын тарту және уәкілетті органдар тарапынан компаниялардың өндірістік қуатын кеңейтуде қаржыландыру мәселелерін талқылау.

Бекайдар Қалдыбайұлы сессияның пікірталастарына қатысып, «Bayer», «AstraZeneca», «Roche», «Pfizer» әлемдік компанияларымен кездесулер өткізді. Шара барысында «Дольче» корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған