Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жолданды

Қазақстан-Батыс Қазақстан облысында жақында болған су тасқынынан туындаған қайғылы оқиғаларға жауап ретінде Мемлекеттік корпорация филиалының ұжымы зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жөнелтуді ұйымдастырды.

Ауа-райының қолайсыздығынан туындаған су тасқыны жергілікті тұрғындар үшін ауыр зардаптарға әкелді. Үйлер қирап, көшелер су астында қалып, көлік қатынасы үзілді. Осыған орай Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері зардап шеккендерге қаражат пен гуманитарлық көмек жинады.

«Біз Батыс Қазақстан облысында болған қайғылы оқиғаға қатты алаңдаймыз және осы қиын сәтте отандастарымызға қажетті көмекті жинауға тырыстық. Осылайша, әріптестер зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін азық – түлік, ауыз су, гигиеналық керек-жарақтар және басқа да қажетті заттарды сатып алды», – деді Мемлекеттік корпорация Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі.

Баспасөзге арналған Байланыс ақпараты:
Әділет Сәбитұлы PR менеджер
8 702 043 51 50

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған