ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ДЕПУТАТ БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

«Ақ жол» партиясының мүшесі, Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты Сұлтан Көшенов, Рамазан айында игі іс жасады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалған 9 балалы отбасыға үш бөлмелі үйдің кілтін табыстап, қуанышқа кенелтті.

Отбасы мүшелеріне жаңа үйдің кілтін табыс ету рәсімінде облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен Сұлтан Көшенов баспаналы болған отбасын қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

«Мұндай қуаныш боларын білмей қалдық. Аяқ-қолымыз ділілдеп тұр. Рахмет, алғысымыз шексіз. Халық қалаулысына рахмет» – деді 9 баланың анасы Мейрамгүл Жақыпова.

Бұл күні қуанышқа ортақтасып облыстық мәслихат депутаттары С.Арыстанов, Е.Хандиллаев және бұқаралық ақпарат өкілдерімен тұрғындар да келді.

Баспанасыз қалған жанұяға табысталған үй көгілдір отынмен жылиды. Үй заманауи бағытта әрленген. Баспана ішін газ плитадан бастап, ыдыс-аяқ, көрпеше, тоңазытқыш, кір жуғыш машина және телевизормен толықтырған.

Айта кетейік, Түркістанда 9 балалы отбасы тұратын жалдамалы пәтер өртеніп кеткен болатын. Отбасы мүшелері дін аман. Оқыс оқиға болған сәтте балалардың әкесі жұмысқа, ал анасы балалардың оқу құралдарын алу үшін базарға кеткен еді. Тапа тал түсте шағын үйде шиеттей бала-шаға тек өздері қалған. Бір күнде бар дүниесінен айырылған отбасы қазір уақытша басқа пәтерде тұрып жатыр. Өкінішке қарай, тілсіз жаудың кесірінен отбасы мүшелерінің құжаттары, оқушы балалардың оқу-құралдары мен киімдері де өртеніп кеткен.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған