ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫНЫҢ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл елді мекені «Рамазан Агро» ЖШС-нің шаруашылығында мақта дақылын химиялық тыңайтқыштардан бас тартып, органикалық негізде өсіру бойынша 60 гектар егістікке сынамалық алаң ашылған. Ондағы мақсат – әр дақылдың агротехнологиялық талаптарын сақтай отырып өсіру. Осыған орай, аталған алқапта атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетіліп, шаруаларға семинар өтті.

– Жерді қадірлеу – басты мақсатымыз. Біздің ең үлкен байлығымыз да жеріміз. Сондықтан да біз ғалымдармен бірлесе отырып жерге себетіп химиялық қоспаларды барынша азайтуымыз керек. Өйткені алдағы уақытта жерден мүлдем өнім ала алмай қаламыз. Қазірдің өзінде біршама гектар егістік алқаптары жарамсыз күйге жақындаған,- деді «Агро-кеңес беру орталығының» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаев.

Ғалымдар сынамалық алаңдағы өнімді көбейту үшін тыңғылықты дайындалған. Олар алдымен топырақтың құрамын анықтау мақсатында сынамалар алған. Тұқым таңдау барысында жергілікті экологияға қолайлы Лима және Эдесса сорттары таңдап алынған. Өнімнің толық дайын болу мерзімі 125-130 күн болса, әр гектардан 70 центнер өнім алуға болады дейді мамандар.

– Біз ауылшаруашылығын күшейтуде заман ағымынан қалмауымыз тиіс. Себебі, Түркістан облысының экономикалық жағдайы осы салаға тікелей байланысты. Сондықтан да, бұл семинардың шаруаларға берері мол деп есептеймін,- дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған