«AMANAT»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН 325 МЛРД. ТЕҢГЕ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, облыстық мәслихат төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Алмаханұлы Әбішовтың қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Нұралы Алмаханұлы БАҚ өкілдерінің алдында Түркістан облысы мәслихатының 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады.
– Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда өтіп, жаңадан сайланған 46 депутатқа төсбелгілері табысталды.
Сонымен қатар, алғашқы сессияда 3 тұрақты комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды.
Атап айтқанда: Бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі және кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту,
жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар. Жалпы, елдiң алдында тұрған экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi орындауға ықпал етуде мәслихат маңызды рөл атқарады.
Жыл басынан бері облыстық мәслихаттың 4 сессиясы өткізіліп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 53 шешім қабылданды, оның ішінде 9 шешім облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Жылдың облыстық бюджеті 2 рет нақтыланды. 2023 жылы облыс бюджетінің көлемі 1 триллион 325 млрд. теңгені құрады. Ал бюджеттің 58,5 % әлеуметтік салаға бөлінді. Бұл өз тұсында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндеттерді шешуге септігін тигізді, – деді облыстық мәслихаттың төрағасы.
Сонымен қатар, Нұралы Әбішов ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдарға 154 депутаттық сауал жолданған. Оның 86-ы немесе 56% қанағаттандырылып, орындалған. Ал, қалған 68-і орындалу үстінде немесе оларға заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берілгенін атап өтті.
Айта кетейік, жалпы жолданған 154 депутаттық сауал, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс, инфрақұрылым, қаржы және экономика, білім, денсаулық және әлеуметтік салаға бағытталған.
Сонымен қатар, тағы бір маңызды бағыттардың бірі – азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Биылғы жылы барлығы 73 өтініш келіп түскен, оның ішінде 59-ы жеке және 14-і заңды тұлғалардан.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған