ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ МОЛ!

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы бүгінге дейін қоғамдық қабылдау жұмыстарын, халықпен тығыз байланыс орната отырып үздіксіз атқарып келеді. Әр бір кестелік қабылдауға аудан халқы арнайы келіп, өз ұсыныс-тілектерін ортаға салады. Бұл дегеніміз халық қалаулыларына деген сенім күн сайын артып келетіндігінің куәсі.

Осындай кезекті қабылдаудың бірін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Сүлейменов Баймахан Тоймаханұлы өткізді. Жаңа Иқан ауылында қоғамдық қабылдау өткізген депутатқа бүгінде ауыл тұрғындары ризашылық білдіруде. Оған себеп, осыған дейін қоғамдық қабылдауға арнайы келіп, аталмыш ауылдық округіне қарасты «Шылбыр» су қоймасынан суға қол жеткізе алмай отырған шаруалар шағымдарын білдірген болатын.

Шаруа көзін дөңгелету үшін ағын су бөлдіре алмай әлек болған ағайынның базынасын халық халаулысы құр қалдырмады. Мәселені назарға алып, депутат «ШЫЛБЫР СУ» тоғанына барып, мән-жайды анықтады. Нәтижесінде, су қоймасынан халық суды үздіксіз алуға қол жеткізді.

Ендігі кезекте, тұрғындар тіршілік көзінен таршылық көрмейтін болады. Мәселенің оң шешілгеніне тәнті болғандар халық қалаулысына дән риза. Алғысын арқалаған аманатқа амандық тіледі.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған