ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға жүгінген қала тұрғындары кәсіпкерлікке берілетін пайызсыз грант, жұмыспен қамту, тұрғын үй және несие мәселелерін көтерді.

Қабылдауға жазылған қала тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тиісті бөлімдер мен мекемелер арқылы шешу жолдары қарастырылды. Өтініш иелерінің мәселесінің оң шешілуіне ықпал жасалды.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған