ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламенті депутаты Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлының жоспарға сәйкес өңірлерді аралау бойынша жеке қабылдауы Түлкібас ауданында өтті. Аталған шараға аудан әкімі Н.Ізтілеуов пен партия филиалының төрағасы, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Ауыл тұрғындары тарапынан темір жол өткелін салу, газдандыру, білім саласындағы кітапхана қызметкерлерінің статусы, қанғыбас иттерді жою, жайылым жер туралы мәселелері көтерілді. Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібекұлы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және айтылған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке өзінің бақылауында болатынын жеткізіп, қоғамдық қабылдауда айтылған мәселелердің оң шешілуінің барлық заңды жолдары қарастырылатындығы айтылды.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған