ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Т.ҚЫРЫҚБАЕВ САРЫАҒАШТЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы ауданымызға арнайы іс-сапармен келіп, аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға аудандық филиалдың төрағасы Қыстаубаев Құдрет Ибадуллаұлы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Рахиев Уалихан Рысбекұлы, Салимов Алмас Алтайұлы, Сүлейменов Жәнібек Мұстапаұлы, Әбдібаев Жомарт Махаматжанұлы, ауылшаруашылық басқармасының орынбасары Шәкібеков Ерұлан, аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдәұлы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Қабылдауға келген 25 тұрғын ауданымыздағы түйіні шешілмей тұрған өзекті мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда ауыз су, егін суаратын сулар мен каналдар, интернет, сырттан келетін көк өністерден шаруалардың саудасына келіп жатқан зиян, мектеп құрылысының бала санының ұлғаюына есептелмей жоспарлануы қайта қарау, жеке меншік мектептердегі ұстаздардың ақысы жайлы болды.

Сондай-ақ, тұрғындар жоғарыда көтерілген бірнеше мәселеге заң тұрғысынан өзгерістер енгізілу керек екендігінде атап өтті.
Сонымен қатар, облыс көлемінде шешілетін мәселелерді Т.Базарбайұлы облыстық маслихат депутаттарында бақылауда ұстап уақтылы хабар беріп отыруларын және Республика көлемінде шешілетін сұрақтарды құжаттарын әзірлеп болғасын басқарма, бөлім басшыларына жазбаша хат жолдауларын сұрады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған