ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін Қарақұм ауылында Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғани Ахылбекұлы мен аудандық мәслихат депутаты Әзіретоспан Сүлейменұлының, аудандық тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі Береке Ермаханұлының қатысуымен «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының жоспарлы мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Алдын ала әлеуметтік желілерге жарияланған хабарландыру бойынша бірнеше азамат қабылдауға келді. Сұрақтардың басым бөлігі абаттандыру, көгілдір отын және инфрақұрылымға қатысты болды.
Ғани Ахылбекұлы көтерілген мәселелердің оң шешімін табу үшін заң аясында тиісті жұмыстар атқарылып, барлық мәселелер назарда болатынын түсіндіріп өтті.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған