“AMANAT” ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға жүгінген қала тұрғындары тұрғын үй, қала көшелеріндегі жол мәселелерін көтерді. Қабылдауға жазылған қала тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдаған филиалдың атқарушы хатшысы заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Тиісті бөлімдер мен мекемелер арқылы шешу жолдары қарастырылды. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көтерген мәселелердің оң шешімін табыуына ықпал жасалмақ.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған