КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімі Д.Сатыбалдының төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Жиналысқа Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов және аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары бейнеконференц байланыс режимінде қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
1) 2023 жылдың I – тоқсан қорытындысы бойынша облыстағы қылмыс деңгейінің алдын алу;
2) «Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құру туралы» өкімімен құрылған топтың атқарған жұмысы туралы»;
3) Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Аталған мәселелер бойынша полиция департаментінен Б.Айтпаев және Ө.Сейітов баяндама жасады.

Жиынды облыс әкімі қорытындылап, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғалар санын азайту мақсатында құзырлы органдарға нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған