НҰРЖАН ӘШІРОВ: ЕЛІМІЗ ҮШІН ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТАН АРТЫҚ ЕШНӘРСЕ ЖОҚ

Бүгінгі таңда әлемдегі құбылыстарды зерделей қарасақ, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, тыныштықтың қадірін арттыра түсетін жағдаяттар аз емес. Әлемде, жаһандық аумалы төкпелі жағдайды бастан кешкен, мемлекеттік жүйенің тепе-теңдігі бұзылған, берекесі төгіліп, бірлігі сөгілген елдердің саны артып келе жатқанын байқауға болады.

«Ынтымақ болмай, іс оңбас» деген бабамыздан қалған сөз бар. Шындығында, бүгінгідей қатерлер аяқ астынан туындап жататын алмағайып заманда береке мен бірлік, татулық пен достық ауадай қажет. Өйткені, Тәуелсіздіктің тірегі — тұрақтылық. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі сан салалы істері, тұтастай жеткен жетістіктері тек бірліктің, ынтымақ пен тыныштық арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды. Бірлігі, ынтымақтастығы жарасқан елде ғана тіршілік қайнап, тұрақтылық сақталып, болашақ дамуы да баянды болмақ.

Бұл ретте, Мемлекет басшысы қоғамда бірлік пен ынтымаққа ерекше көңіл аударып келеді. Бірлік болмай тірлік болмайды деген ата-баба өсиеті Президент Жолдауларының негізгі бағыты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында «Ата-бабаларымыздан қалған аманаттарды, қасиетті тіліміз бен халқымыздың бірлігі, басқа да толып жатқан рухани құндылықтарымызды, бай тарихымыз бен әдебиет, мәдениет пен өнерімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпақ, жастарымызға мирас етуіміз керек» -деп айтып өтті.

Сондықтан да «Аманат» партиясының фракция мүшелері, ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып, әр ауылда береке-бірліктің дамуына өз үлесімізді қосып, түсіндіру, тәрбие жұмыстарына барынша атсалысудамыз. Қай заманда, қай елде болмасын, адамдар арасында әр түрлі мәселелерге байланысты дау-дамай туындап, түсініспеушіліктер болып тұратыны өздеріңізге адамзат тарихынан белгілі. Осындай түйткілді мәселелердің алдын алу мақсатында ай сайын халықпен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар, кездесулер өткізудеміз.

Өздеріңіз білетіндей, «AMANAT» парламенттік сайлаулардан кейін бірден өз сайлауалды уәделерін іске асыруға белсенді түрде кірісті. Сайлаудан кейінгі міндеттерге орай бүкіл қажетті партиялық инфрақұрылым жаңаша қайта құрылымданды. Жауапты депутаттар мен басшыларға бекітілген жол картасы іске асырылуда. Одан бөлек ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, жастарымызды патриоттыққа баулитын, халықтың барлық санатына бағытталған түрлі жобалары аясында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Атап айтар болсақ, «Ауыл аманаты», «Қайсар», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра», «Кедергісіз келешек», «Таза Лайк», «Бақытты отбасы» жобалары аясында түрлі шараларға қатысамыз. Аталға жобаларың мақсаты мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру, өскелең ұрпақты мейірімділкке баулу,елдегі тұрақтылықты, бірлікті сақтауға дәріптеу болып табылады. Ел артқан сенім біреу. Ұстанған тура жолдан тайынбау. Төңіректегі түрлі қиындықтарға төтеп беру. Межелі міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін, еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін әрине, сыртқы саясатымыз да сындарлы болуы шарт. Әлеммен байланысымызды бекемдеу қажет. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы, Қ.К. Тоқаев әлемдік саясатта да, елдік, ұлттық саясатта да өзін дәлелдеген кемеңгер басшы.

Еліміз үшін татулық пен тұрақтылықтан артық ешнәрсе жоқ. Тыныштықта өмір сүріп, алаңсыз еңбек еткенге, бақытты ұрпақ тәрбиелегенге не жетсін! Міне, ең бастысы – осы. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Әшіров Нұржан Сапабекұлы 29 шілде 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1978-1983 жылдары Ташкент автомобиль жолдары институтында оқып,«автомобильдер және автомобиль жолдары» мамандығы бойынша «инженер механик» квалификациясын алып, еңбек жолын 1983-1986 жылдары Шымкент қаласындағы облыстық жолауышылар тасымалдау басқармасында инженер болып бастаған. 1986-1996 жылдары Шарбұлақ ауылындағы Ленин ұжымшарында еңбек қорғау инженері, жөндеу-ұстаханасының меңгерушісі, жем-шөп дайындау цехының меңгерушісі, ұжымшардың бас инженері қызметтерін атқарды.
1996 жылы «Сапа» шаруашылығын ұйымдастырып, 2002 жылы ауыл округіндегі ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп «Сапа-2002» ЖШС-ін құрып, бүгінгі күнге дейін осы шаруашылықты басқарып келеді. «Сапа-2002» ЖШС қазіргі таңда егін шаруашылығынан элиталы тұқым өндіруші шаруашылық мәртебесін, мал шаруашылығынан асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылық мәртебесін алған. Қазіргі таңда 150 ге жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Депутаттық мерзімінде, алға қойылған міндетті орындау үшін аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерді газдандыруға арналған жобалардың өз уақытында және сапалы орындалуы, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін шешуге атсалысты.
• Бүгінгі күнге дейін өзі туып өскен еліне
Тұрбат, Қақпақ, Шарбұлақ ауыл округтерінің елді мекендеріне газ құбырын тарту жобаларының іске асуына;
• Қазығұрт ауылының оңтүстік бөлігінен жаңа мектеп ғимаратын салу жұмыстары қолға алынып, О.Жандосов атындағы мектеп ашылуына;
• Тұрбат ауыл округінде Қызыл Дихан елді мекеніне, Құларық елді мекеніне, Шарбұлақ елді мекенініе жаңа көпір салуға қаржы бөлдіруге ықпал етті;
• Аудан орталығын абаттандыру, жаңадан салынған көшелерге электр энергиясын тарту, ішкі жолдар және басқа да коммуникациялар жүргізу басты назарда болып, Шарбұлақ ауылының бірнеше көшелері күрделі жөндеулерден өтті;
• Қызылқия, Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне қаржы бөлуге ықпал етті;
Қақпақ ауыл округінің Сырлысай, Тассай елді мекендерінде жол, ауыз- су, электр энергиясы мәселелерін шешуге қаржы бөлуге тиісті органдарға ұсыныс жасады;
• Соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге өз қаражаты есебінен материалдық жәрдем беріп келеді.
• Имандылық пен бауырмалдықтың рухани орталығы болсын деп Шарбұлақ ауылына өз қаражаты есебінен мешіт салдырды.
• Жол картасындағы өзіне жүктелген бағыттарды орындау барысында біршама кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар іске қосылды, әлеуметтік үйлер пайдалануға берілді.
• Қазығұрт ауылы, Кезеңбұлақ елді мекені арқылы өтетін Үлкен Келес магистральды каналын 2 жағын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қоршалуына өз септігін тигізді

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған