ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРДІ

Түркістан қаласындағы «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қалалық тәжірибелік семинары өтті. «Мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық технология әдістері арқылы балалардың білім-білік дағдыларын дамыта отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» тақырыбына негізделген семинарға Түркістан Қаласы Адами Әлеуетті Дамыту Бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Айгерім Қуандықова, сонымен қатар қаламыздағы барлық мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен логопед мамандардары қатысты.

Айта кетерлігі, «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы заман талабына сай «ActivInspire» бағдарламасын қолдану арқылы, Флипчарт әдісімен жұмыс жасайтын балаларға арналған планшеттермен толық қамтылған бірегей балабақша. Семинар барысында тоғыз ұйымдастырылған іс-әрекеттер үш бағытта көрсетіліп, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, логопед маманы және топ тәрбиешілері өз тәжірибелерін көрсетті. Сондай-ақ, зертханалық жұмыстар жүргізіліп, балаларды ғылымға баулудың жолдарымен бөлісті.

Семинар соңында бөлім әдіскері А.Қуандықова озат тәжірибелерімен бөліскен педагогтардың жұмыстарын саралап, оң бағасын берді. Сонымен қатар, басқа да қатысушылар өз ойларын ортаға салып, әріптестерін бөлімнің марапатына ұсынды.

Акбар ИСХАКОВ.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған