«Оқушылар сарайының» өнерпаздары Тәуелсіздік күніне тарту жасады

«Түркістан Оқушылар сарайында» «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік концерт өтті. Аталған іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, ата-аналар мен балалар қатысты.

«Сіздерді еліміздің ұлық мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілік сақталып, әрбір шаңырақта бақ-береке орнасын. Бүгінгі балалар – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтарымыздың шығармашылығы шыңдала берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!», – деді іс-шарада сөз алған «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова.

Кеш қонақтарын құттықтаған жас өнерпаздарымыз қазақ әндерінің алтын қорындағы Отансүйгіштікке шақыратын туындыларды орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған